«Ұят» дегенді ысырыңыз, есеймей тұрып балаңыз бәрін біліп алады. Өкініштісі сізден емес, порнодан, сыныптастарынан. Балаңыз ерте жаста жыныстық жолмен берілетін аурулардан, жүктіліктен сақ болғанын қалайсыз ба? Жауапкершілікті өз қолыңызға алыңыз. Бұл видеода білікті мамандар, ата-ана, мектеп оқушылары өз тәжірибелері жайлы айтады. Сіздерге арналған нақты кеңестер де бар.